"Мүлде қоямын". Шавкат Рахмонов карьерасын аяқтауға қатысты

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Шавкат Рахмонов карьерасын қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Шавкат Рахмонов карьерасын қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
UFC-де өнер көрсететін спортшы октагонда әлсіздік көрсетсе бірден кететінін мәлімдеді.
"Менде соққы өткізіп алсаң, беріле салу керек деген түсінік жоқ. Мен соңына дейін айқасуға тырысамын. Ал егер әлсіздік көрсете бастасам - жекпе-жекке шығуды мүлде қоямын. Файтер айқасқа шыққанда мінез көрсету керек, менің түсінігім сондай, соңына дейін бару қажет", - дейді Шавкат "Алга Петербургке" берген сұхбатында.
Жарнама