Америкалық файтер Блэйк Перри А1 Соmbat 4 турнирінде мұрнын оңдырмай сындырып алды, деп жазады MMA RUSSIA телеграм-арнасы.
Америкалық файтер Стоктон (Калифорния штаты, АҚ) қаласында болған турнирде отандасы Марсель Маккейнмен кездесті.
Айқастың бірінші раундында Перри клинч кезінде қарсыластың тіземен жасаған соққысын өткізіп алды. Соған қарамастан ол екінші раундқа шығуға ниет білдірген. Бірақ төреші дәрігермен ақылдасып, жекпе-жекті тоқтатты.
Айта кетейік, 27 жастағы Пэрри осыған дейінгі кездесуін 2022 жылдың сәуір айында Bellator 278 турнирінде өткізіп, қылқындыру әдісімен Макао Куперден үстем түскен еді. Қазір оның еншісінде бес жеңіс және бір жеңіліс бар.