Қазақстандық ММА шебері Сергей Морозов (18-5) UFC-дегі келесі айқасына дайындалу үшін АҚШ-қа жол тартты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
17 желтоқсан күні отандасымыз Джурни Ньюсонмен (10-3) октагонда кездеседі. Бұл Морозовтың америкалық ұйыммен жасасқан жаңа келісімшартынан кейінгі алғашқы жекпе-жегі болмақ.
"Жұмыс визасын создырдық. Майами күт бізді", - деп жазды Морозов инстаграм парақшасында.