Дағыстанның Каспийск қаласында өтіп жатқан аралас жекпе-жектен коммерциялық турнирдің қатысушылары жаппай төбелес шығарды.
Жарыс Али Алиев атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан. Дағыстанның дене шынықтыру мен спорт министрі Сажид Сажидовтің сөзінше, қазіргі таңда жарыс тоқтатылды, ал төбелес шығарған екі спортшы шеттелді.