ММА спортшысы өлі табылды. Ол қазақстандықпен жекпе-жек өткізген

Аралас жекпе-жекте өнер көрсеткен 22 жастағы Пеьр Люде Марсельдегі пәтерінен өлі табылды, деп жазады Eurosport.ru порталы.
Аралас жекпе-жекте өнер көрсеткен 22 жастағы Пеьр Люде Марсельдегі пәтерінен өлі табылды, деп жазады Eurosport.ru порталы.
Алдын ала ақпарат бойынша, Люде табельді қарудан өз-өзін атып жіберген.
Люде аралас жекпе-жекте 2017 жылдан бері өнер көрсеткен. Ол алты кездесу өткізіп, бесеуінде жеңіске жетсе, біреуінде жеңіліс тапқан.
2019 жылы наурызда ол M-1 Challenge 101 турнирінде өнер көрсетіп, 28 жастағы қазақстандық Асу Алмабаевтан (13-2) жеңіліп қалған. Аралас жекпе-жектен басқа франциялық спортшы полицияда қызмет еткен.
Жарнама