Ресейде ММА файтері Асхат Магомедов әскерде қарапайым сарбаздарды ұрып-соққан видеосын Instagram желісінде жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЕН ТВ телеарнасына сілтеме жасап.
Видеолардың бірінде ол бокс қолғабын киіп, сарбазды жерге жатқызып алып ұрып жатқанын байқауға болады. Бұл оқиға телефон камерасына түсірілген.
Instagram желісіндегі парақшасына қарағанда, ММА файтері 2019 жылдың қарашасы мен 2020 жылдың қарашасы аралығы әскери борышын өтеген. Сол уақыт аралығында Магомедов көлік салонында рэп тыңдап отырып, калибрі 5,45 мм АК-74 қаруын көрсеткен. Тағы бір жариялаған видеосында ол әскери форма киіп, тапаншамен әуеге оқ атады.
https://vod2ren.cdnvideo.ru/ren/tertium/2021/9/22/%D1%81%D0%BB%D1%83%D0%B6%D0%B8%D0%B2%D1%88%D0%B8%D0%B9%20%D0%B2%20%D0%B0%D1%80%D0%BC%D0%B8%D0%B8%20%D0%B1%D0%BE%D0%B5%D1%86%20%D0%BC%D0%BC%D0%B0%20%D0%BF%D0%BE%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%BE%20%D0%B8%D0%B7%D0%B1%D0%B8%D0%B2%D0%B0%D0%BB%20%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%BE%D0%B1%D1%80%D0%B0%D0%BD%D1%86%D0%B5%D0%B2.mp4