Bellator файтері Адам Пикколотти Instagram желісінде портативті саунадан жүрегі айнып шыққан видео жариялағаннан кейін шеттелді, деп хабарлайды "Чемпионат".
Пикколотти "бір түнде 20 шақты рет жүрегі айнығанын" да жазды. Осыдан кейін ол нефрологтан рұқсат алса ғана жекпе-жекке шыға алатын болды.
"Видеоны көріп, бұл аса қауіпті деп шештім. Біз спортшының қауіпсіздігін әрдайым алға қоямыз. Бұл Пикколоттиге сабақ болады деп үміттенемін. Өліп кетпегені абырой болды", - дейді бокс комиссиясы қауымдастығының президенті Майк Маззулли.