Единоборства
12 қыркүйек 2019 10:00

MMA чемпионы Ташкентте кафедегі төбелестен кейін қаза тапты

Аралас жекпе-жектен Азия чемпионы, кикбоксингтен әлем чемпионы Муслим Омонов Ташкентте жаппай төбелес салдарынан алған жарақатынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Gazeta.uz.


Спортшының жасы - 23-те. Спорттық мансабында ол Өзбекстанда ММА біріншілігінде жеті рет чемпион атанған.

Оқиға қыркүйектің 10-нан 11-не қараған түні болған. Шамамен түнгі 00:50-де Юнусабад ауданындағы кафелердің бірінде екі топ арасында жанжал шыққан. Олар сыртқа шығып, Шайхантахур ауданына барып төбелескен.

Төбелеске қатысқан үш адам (оның ішінде Муслим Омонов та бар) ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер спортшыны аман алып қала алмаған.

Өзбекстанда осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске қатысқандардың біралығы анықталды, тергеу жүріп жатыр.