UFC ұйымында өнер көрсететін ирландиялық спортшы Конор МакГрегор (22-6) UFC 274 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңілген америкалық Джастин Гэтжтді (23-4) сынап тастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Чарльз Оливейраға (33-8-0-1) қарсы чемпиондық жекпе-жек алдында Гэтжи бразилиялық файтерге нағыз "азапты" көрсететінін мәлімдеген еді. Бірақ кездесуде америкалық бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіліп қалды.
"Гэтжи есек қой. Ол көп сөйлейді. Болмайтын әңгіме айтады. Тоқтаусыз. Есек. Гэтжиде тауықтың миындай ми жоқ. Оның менеджері де дәл сондай. Екі ақымақ", - деп жазды Конор Twitter парақшасында.
Айта кетейік, 33 жастағы Гэтжи соңғы бір жарым жылда екі мәрте чемпион болатын мүмкіндіктен айырылды. Ал 33 жастағы МакГрегор болса соңғы екі кездесуінде жеңіліп қалды.