Бокс жанкүйерлері мен ММА көрермендері асыға күткен бокстан бес салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы, 40 жастағы кіші Флойд Мейвезер мен UFC чемпионы, 28 жастағы ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек қыркүйек айында өтетін болды. Бұл туралы allfight.ru басылымы хабарлап отыр.
Бұл кездесу 16 қыркүйек күні, АҚШ-тың Лас Вегас қаласына Невада штатындағы "T-Mobile Arena" спорт кешенінде өтеді. Басылымның таратқан мәліметі бойынша, бұл жекпе-жекті Showtime телеарнасы көрсетеді екен.
Мейвезер - МакГрегор арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру барысындағы ең басты қиындық - UFC-дің ирландиялық спортшыға рұқсат беруінде болған. Өйткені, жекпе-жек бокс ережелі бойынша өтеді.
UFC президенті Дана Уайттың айтуынша, промоушен өзінің басты жұлдызына бұл жекпе-жекті өткізуге рұқсат беріпті. Тіпті, ұйым жекпе-жектен түсетін қыруар ақшадан ешқандай пайыз алмайды.
Айта кетейік, жекпе-жектен түскен пайданы спортшылар 70-те 30 пайыз көрсеткіші бойынша бөліп алады. Пайданың басым бөлігі Мейвезердің есепшотына түседі.

Жарнама