Единоборства
13 шілде 2017 16:21
 

Мейвезер мен МакГрегор арасындағы екінші кездесу ережесіз жекпе-жекте өтуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Мейвезер мен МакГрегор арасындағы екінші кездесу ережесіз жекпе-жекте өтуі мүмкін

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Конор МакГрегор мен бокстан әлемнің 12 дүркін бұрынғы чемпионы кіші Флойд Мейвезер екінші кездесуін ережесіз жекпе-жек заңы бойынша өтуі мүмкін. Бұл туралы ирландиялық спортшы баспасөз жиынынан кейін айтты. 

"Ол маған қолғап туралы бірдеме айтты. Ал мен болсам оған: "Сен қолғапты әңгіме қылып, салмақты әңгіме қылып шағымданып жүресің", - дедім. Кейін ол "Келесі жолы UFC-де" немесе "Келесі жолы "MMA" ережесі бойынша", - дегендей бірдеме айтты. Жауап ретінде мен оған: "Қолыңнан келмейтін нәрсені айтпа", - дедім, — деп келтіреді МакГрегордың сөзін Bloody Elbow порталы. 

Айта кетейік, 11 шілде күні екі спортшы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында бірінші рет баспасөз жиынын өткізіп, көз арбасты. Одан кейін 12 шілдеде олар Канаданың Торонто қаласында кездессе, бүгін Нью-Йоркте, жұмада Лондонда тағы да кездеседі.

Еске салайық, жекпе-жек 26 тамызға белгіленген және ол бокс ережелері бойынша өтеді. Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтетін бұл кездесуді ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. БАҚ мәліметі бойынша, Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегінің жалпы табысы 500 миллион фунт (636 миллион доллардай) болады.





blog.share
Жеңіл
салмақтағы UFC
чемпионы
Конор
МакГрегор
мен
бокстан
әлемнің
12
дүркін
бұрынғы
чемпионы
кіші
Флойд
Мейвезер
екінші
кездесуін
ережесіз
жекпе-жек
заңы
бойынша
өтуі
мүмкін.
Бұл
туралы
ирландиялық
спортшы
баспасөз
жиынынан
кейін
айтты. 
/>
/> "Ол
маған
қолғап
туралы
бірдеме
айтты.
Ал
мен
болсам
оған:
"Сен
қолғапты
әңгіме
қылып,
салмақты
әңгіме
қылып
шағымданып
жүресің",
-
дедім.
Кейін
ол
"Келесі
жолы UFC-де"
немесе
"Келесі
жолы
"MMA"
ережесі
бойынша",
-
дегендей
бірдеме
айтты.
Жауап
ретінде
мен
оған:
"Қолыңнан
келмейтін
нәрсені
айтпа",
-
дедім, —
деп
келтіреді
МакГрегордың
сөзін Bloody
Elbow
порталы. 
/>
/> Айта
кетейік,
11
шілде
күні
екі
спортшы
АҚШ-тың
Лос-Анджелес
қаласында
бірінші
рет
баспасөз
жиынын
өткізіп,
көз
арбасты.
Одан
кейін
12
шілдеде
олар
Канаданың
Торонто
қаласында
кездессе,
бүгін
Нью-Йоркте,
жұмада
Лондонда
тағы
да
кездеседі.
/>
/> Еске
салайық,
жекпе-жек
26
тамызға
белгіленген
және
ол
бокс
ережелері
бойынша
өтеді.
Лас-Вегастың
T-Mobile
аренасында
өтетін
бұл
кездесуді
ақылы
трансляциялар
жүйесі
(PPV)
арқылы
көрсетеді.
БАҚ
мәліметі
бойынша,
Мейвезер
-
МакГрегор
жекпе-жегінің
жалпы
табысы
500
миллион
фунт
(636
миллион
доллардай)
болады.
/>
/>
/>
/>
/>
/>
Мейвезер - МакГрегор Конор МакГрегор Флойд Мейвезер Жекпе-жек

Жарнама

Живи спортом!