"Жылды Мәскеуде Нурмагомедовке қарсы жекпе-жекпен аяқтағым келеді. Солай болуы керек. Мәскеуде болдым. Тамаша қала. Ресей - ғажап ел. Нурмагомедов қашып жүре берсін, бірақ менен тығыла алмайды", - деді МакГрегор.
Файтерлердің алғашқы жекпе-жегі 2018 жылы қазанда UFC 229 турнирінде болған. Сол кездесуде Хабиб төртінші раундта жеңген еді. Артынша ирландиялық файтер жекпе-жек алдында ішімдік ішкенін мойындаған. Қателігін түсініп, қайталамайтынын айтқан болатын.
Еске салайық, 19 қаңтарға қараған түні МакГрегор америкалық Дональд Серронемен кездеседі. Жекпе-жек Лас-Вегаста UFC 246 турнирінде болады.