Единоборства
26 желтоқсан 2017 11:34
 
"Мен Полпудниковтен жеңілген жоқпын!" - Арман Оспанов

  Пікірлер

blog.share

"Мен Полпудниковтен жеңілген жоқпын!" - Арман Оспанов

Ережесіз жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Арман Оспанов "Территория ММА" бағдарламасына сұқбат беріп, Мәскеуде ресейлік Алексей Полпудниковке қарсы өткен кездесуі туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Оспанов сұқбатында Полпудниковтен жеңілмегенін айтады. "Мен жекпе-жек жақсы дайындықпен шықтым. Жоспарым да үш раунд төбелесу болды. Өздеріңіз де көрдіңіздер ғой, мен Полпудниковтен жеңілген жоқпын. Бірінші және үшінші раунд менің пайдама аяқталды. Бірақ төрешілер басқаша шешім шығарып отыр. Неге екенін түсінбедім", - дейді 

Сонымен қатар отандасымыз Полпудниковпен үшінші рет жекпе-жек өткізу қызық емес екенін айтты. 

"Шынымды айтсам, Полпудниковпен екінші рет кездесу де мен үшін маңызды болған жоқ. Менің АСВ промоушенімен келісімшарты бар. Мен қарсылас таңдамаймын. Ұйымның өзі қарсылас тауып береді. Мен келістім. Екінші кездесуден кейін Алексейді өзі "үшінші рет кездесуде дайынмын", - деді. Маған оның не керегі бар? Әлі де болса төрешілердің шешімін күтіп отырмыз. Мүмкін, шешімді өзгеріп қалуы мүмкін. Тағы айтайын, мен Полпудниковті жеңдім. Мұны барлығы да көрді", - дейді Оспанов. 

Спортшымыз жекпе-жектің алдында уланып қалғанын да айтты. "Салмақ өлшеуден кейін тамақтанған едім. Содан уланып қалдым. Содан соң қонақ үйге барып жаттым. Дәрумен қабылдадым. Укол қабылдадым. Содан шамалы әлсіреп те қалдым",- дейді спортшымыз. 

Толық сұқбатты мына видеодан көре аласыздар. 

Жарнама

Живи спортом!