MMA
17 қыркүйек 2021 19:49

"Мені ешкім тоқтата алмайды". Макрегор жарақатына байланысты мәлемдеме жасады

©thenotoriousmma

UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макрегор жарақатына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Adam's Apple YouTube каналына сілтеме жасап.

"Шынымды айтсам, қазіргі таңда аяқпен тебе алатындай жағдайға жеткен сияқтымын. Бірақ, денсаулығымның толық қалпына келуіне себепкер болып жатқан дәрігерлерді тыңдау керек. Алдымен аяққа тұрғаныма қуаныштымын. Іштей жазылып келе жатқанын сеземін. Дегенмен дәрігерлер әлі де болса аяққа күш салмауымды сұрап жатыр. Негізі мені ешкім тоқтата алмайды. Толық айығып шыққан соң, үлкен спортқа қайта ораламын", - дейді ММА шебері.

Еске салайық, 33 жастағы ирландиялық спортшы кәсіпқой спортта қарсыластарынан 22 рет басым түсіп, 6 мәрте жеңілістің кермек дәмін татты.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport