Қазақстандық файтер Гойти Дазаев Ресей астанасында Абдулманап Нурмагомедовты еске алуға арналған турнирде қарсыласын нокаутпен жеңді. Жартылай орта салмақ лимитінде өткен жекпе-жекте оның қарсыласы ресейлік Максим Буторин болған еді.
Жекпе-жектен кейін Гойти микрофонды ұстап тұрып "Мәскеудің әкімі болғым келеді" деді. Бұл сөздің мағынасын ол Vesti.kz тілшісіне түсіндіріп берді.
Бұл турнирге екі ай дайындалдық. Тәртіп сақтап, диета ұстанып, жаттығу режимін де бұзбадық. Техника мен тактикалық жағынан да барымызды салып жұмыс істедік. Жекпе-жек бойынша қойылған мақсатты толық орындадым.
"Мәскеу әкімі" туралы айтқаным. Оның мағынасын біздікілер, қазақстандықтар ғана түсінді. Мәскеуліктер бұл әзілді түсінбеді (күледі). Мәскеуге келе жатқанымызда, командада отыздай адам болдық. Тағы жиырма шақты жанкүйер бар. Жергілікті қазақстандықтар да барды.
Біз шынымен де Мәскеуді жаулауға бардық, солай болды да. Сондықтан ресми емес түрде сол қаланың әкіміміз (күледі). Сондай əзіл еді, "Мәскеу біздікі" деген сияқты. Ана бір "Астана наш, біздікі" деген видеодан кейін мем тарап кетті емес пе? Содан басталды ғой.
Сондай жағдай. Оның бәрі қалжың әрине. Біреуді ренжітіп, өркөкіректену емес, жаман оймен болған жоқ. Тек жекпе-жектен кейін өз ортамызда бір күліп алдық. Ал былай бәрі орнымен", - дейді Дазаев.
Единоборства
18 қыркүйек 2020 10:45