Мария Агапованың UFC ұйымындағы үшінші кездесуіне тікелей трансляция

9 қазаннан 10 қазанға ауысқан түні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC Vegas 39 турнирі өтеді. Бұл шоуда қазақстандық спортшы Мария Агапова (9-2) да өнер көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстандық спортшының колумбиялық Сабина Мазоға (9-2) қарсы кездесуі шоудың басты кардындағы екінші кездесуінде өтеді. Бұл айқас Нұр-Сұлтан уақытымен шамамен 02:30-да басталады. Жекпе-жек ең жеңіл салмақта болады деп жоспарланған.
Кездесуді арнайы каналда немесе UFC Fight Pass-қа тіркеліп көруге болады.
Айта кетейік, Мария Агапова осы уақытқа дейін UFC-де екі кездесу өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, біреуінде жеңілді. Мазоға қарсы айқас Мария үшін 14 айлық үзілістен кейінгі бірінші жекпе-жек болмақ.
Жарнама