Мария Агапованың UFC ұйымындағы үшінші кездесуі үшін қанша сыйақы алғаны айтылды
UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық бұрымды Мария Агапованың (10-2) колумбиялық Сабина Мазомен (9-3) өткізген жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық бұрымды Мария Агапованың (10-2) колумбиялық Сабина Мазомен (9-3) өткізген жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бұл кездесу Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC Vegas 39 турнирінде өтіп, Павлодар қаласы тумасының пайдасына аяқталды. Агапова алдымен Сабина Мазоны нокдаунға түсірді. Кейін 24 жастағы отандасымыз қарсыласын қылқындыру әдісімен ұтты.
Колумбиялық қарсыласқа қарсы өткізген кездесу үшін Агапова 94 000 доллар алған. Айта кетейік, бұл Марияның карьерасындағы ең үлкен сыйақы. Аталған сумманың 20 000 доллары нақты белгіленген сыйақы болса, 20 000 доллар жеңіс үшін, 50 000 доллар шоудың ең үздік айқасы үшін берілді. 4 000 доллар болса қосымша ақша.
Ал Мазо 31 000 долларға ие болды. Оның 25 000 доллары нақты сыйақы, 6 000 доллар қосымша берілді.
Агапова үшін бұл UFC ұйымындағы екінші, аралас жекпе-жектегі оныншы жеңісі болды. Ол қарсыластарын үш рет нокдаунмен, бес рет сабмишнмен және екі рет төрешілердің шешімімен жеңген. Колумбиялық Мазо карьерасында үшінші мәрте жеңіліс тапты. Бірінші мәрте ол сабмишнмен ұтылды.
Жарнама