Мария Агапова украиналық Морозға не себепті жеңілгенін айтты

Қазақстандық ММА шебері Мария Агапова (10-3) UFC 272 турнирінде украин қызы Марина Морозға жеңілгеннен кейін алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық ММА шебері Мария Агапова (10-3) UFC 272 турнирінде украин қызы Марина Морозға жеңілгеннен кейін алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Жекпе-жек принципке толы болды. Өкінішке қарай есе жібердім. Күрес пен функционалды дайындық жетпей қалды. Алдағы уақытта бір-екі айқас өткізіп, тәжірибе жинақтау керек. Содан кейін реванш алуға болады. Бұл кездесуден кейін ешқандай жарақатым жоқ", - деп жазды инстаграм парақшасында Агапова.
Еске салайық, Агапова аталмыш промоушенде төртінші кездесуін өткізіп, екінші рет жеңіліс тапты.
Жарнама