Қазақстандық файтер Мария Агаповаға (10-3) UFC жаңа қарсылас белгіледі, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Жаңа ғана аладғы кездесуді өткізу үшін келісімшартқа қол қойдым", - деп жазды Агапова Instagram парақшасында. Бірақ ол қарсыластың кім болатынын және жекпе-жектің қайда өтетінін нақтыламады.
Еске салайық, Агапова UFC ұйымында төрт кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жетіп, екеуінде жеңілді. Соңғы жекпе-жегінде ол жарақат алып қалып, операция жасатты. Жуарда отандасымыз жаттығуына қайта кірісті.