Қазақстандық файтер Мария Агапова (10-3) UFC ұйымындағы келесі кездесуі қашан өтетінін айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Еске салайық, отандасымыз соңғы айқасын 6 наурыз күні Лас-Вегастағы UFC 272 турнирінде украианлық Марина Морозға (11-3) қарсы өткізді. Бұл кездесуде отандасымыз екінші раундта сабмишен әдісімен жеңілді.
"Өткен кездесуде алған жарақаттарымнан әлі толық айыққан жоқпын. Бірақ мен жаттығуға кірісіп кеттім. Жаттығу залында соққымен жұмысты азайтып, енді күрес пен джиу-джитсуға назар аударудамыз. Филипп деген бапкеріммен жұмыс істеп жатырмын. Бұл бапкер маған джиу-джитсудың қыр-сырып үйретеді. Осыған дейін гимен (джиу-джитсудың кимоносы) күресіп көрмеген ем.
Менеджер тамыз айына жекпе-жек қарастыруда. Соңғы жеңілістен кейін мұрнымды ретке келтірдім. Негізі Сабрина Мазоға қарсы өткен кездесуден кейін мұрнымды емдеткім келген еді. Алайда ол кезде операцияны кейінге шегердім. Енді ота жасатамын. Жалпы айтқанда қазір жіберген қателіктерімізбен жұмыс істеп жүрміз", - деп жазды Агапова әлеуметтік желіде.