Қазақстандық файтер Мария Агапова (10-2) UFC ұйымындағы төртінші кездесуі алдында салмақ өлшеуден өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Жексенбі, 6 наурыз күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC 272 турнирі өтеді. Осы турнирде отандасымыз бітіспес қарсыласы, украиналық Марина Морозға (10-3) қарсы кездесу өткізеді.
Бүгін екі файтер де салмақ өлшеуден өтті. Оның қорытындысы бойынша, Агапова 57,15 келіні көрсетсе, Мороз 56,93 келі болды.
Айта кетейік, 24 жастағы Агапова үшін бұл UFC ұйымындағы төртінші кездесу болады. Осыған дейін ол екі кездесуде жеңіске жетсе, біреуінде жеңілді.
Ал 30 жастағы Мороз бес айқасында мерейі үстем болса, үш мәрте ол жеңіліс тапқан.