Единоборства
18 маусым 2022 10:49

Маман Исмағұловтың бесінші жекпе-жегіне болжам айтты

© instagram.com/ismagulov_damir/

Комментатор Вадим Тихомиров UFC on ESPN 37 аясында өтетін қазақстандық Дамир Имсғұлов (23-1) пен швециялық Гурам Кутателадзе (12-2) арасындағы жекпе-жекке қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды "Чемпионат".

"Соңғы кездесуінде Гурам 17 кездесудің бәрін жеңіп келе жатқан Матеуш Гамротты тоқтатты. Ал Дамир соңғы кездесуінің алдында салмақ өлшеуден сүрініп, Магомед Мұстафаевпен жекпе-жектен бас тартты. Алайда ол мерзімінен бұрын жеңілген емес.  
Кутателадзе мен Исмағұловтың мүмкіндіктері бірдей көрінеді. Жеңілген қарсыластардың тізіміне қарасақ, Дамир Гурамның деңгейіндегі файтерлерді бірнеше рет жеңді. Ал Гурам туралы олай дей алмаймыз", - дейді Тихомиров.

Естеріңізге сала кетейік, Дамир мен Гурам арасындағы кездесу 19 маусымда АҚШ-тың Техас штатында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport