Конор Макрегор мен Дастин Порье UFC 264 турнирінің қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізіп, артынша көз арбасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Америкалық ММА шебері спорттық іс-шарада өзін салмақты ұстаса, Конор әдеттегідей өз стилінен таймады.
Конор мен Дастин бірінші рет 2014 жылдың қыркүйегінде кездесіп, ирландиялық нокаутпен жеңсе, 2021 жылдың қаңтарындағы қарымтада Порье нокаутқа түсіріп, есесін қайтарған. МакГрегор мен Порье арасындағы айқас 11 шілдеде Лас-Вегаста өтеді.