UFC ұйымында жеңіл салмақта Конор МакГрегордың ізбасары саналып жүрген ұлыбританиялық Пэдди Пимблетт (20-3) Лас-Вегастағы UFC 282 турнирінде америкалық Джаред Гордонды қиындықпен жеңді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Айқас үш раундқа созылды. Оның қорытындысы бойынша төрешілер 29-28 есебімен Пимблеттке жеңісті берді. Бірақ көрермендер бұл нәтижеге наразылығын білдірді. Олардың пікірінше америкалық жеңілген жоқ.
Бұл Пэддидің UFC ұйымындағы төртінші жеңісі болып тіркелді. Ол промоушенге өткен жылы қосылған еді.