Единоборства
29 қараша 2019 10:02

МакГрегордың UFC-дегі келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні аталды

 © mmaoctagon.ru
Екі салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор келесі жекпе-жегін 18 қаңтарда өткізеді. бұл туралы спорт шолушысы Бретт Окамото UFC басшысы Дана Уайтқа сілтеме жасап хабарлады.

Ирландиялық жұлдыздың қарсыласы америкалық Дональд Серроне болмақ.

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек Лас-Вегастағы UFC 246 шоуында өтеді.

Еске салайық, МакГрегор октагонда 2018 жылдан бері - ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілгелі октагонға шықпады. Ал Серроне мұның алдындағы екі жекпе-жегінде де жеңілді.