Единоборства
2 қазан 2018 11:16
 
МакГрегордың алғашқы жеңілісі. Қарсыласы ирландиялықтың бапкерінің алаяқтығын әшкере етті

  Пікірлер

blog.share

МакГрегордың алғашқы жеңілісі. Қарсыласы ирландиялықтың бапкерінің алаяқтығын әшкере етті © fightnews.info

Литвалық ММА файтері Артемий Ситников он жыл бұрынғы жекпе-жектері алдында ирландиялық Конор МакГрегордың бапкері таразының тілін кері айналдырғаны туралы айтып берді. Спортшының сөзін "Спорт-Экспресс" сайты келтіріп отыр.

"МакГрегормен 2008 жылдың 28-ші маусымында жұдырықтастық. Аса қиын болған жоқ. Ол турнирді бапкері ұйымдастырған. Оның таразымен қулығы есте қалды. Дәл осыны басты назарға алсам, маған сын айтатындар көбейер. Ойдан шығарып тұрсың дегендей", - дейді Ситников. 

Спортшының сөзінше, ол кезде қарсыласы өзінен сегіз келіге ауыр болған. "66 келіге дейінгі салмқата жұдырықтасуға келіскенбіз. Ол 66,6 болды. Бәрібір деп ойладым. Ал таразыға тұрғанымда оның екі-үш келіге кем көрсететінін түсіндім", - деп атап өтті ол. 

Ситников пен МакГрегордың жекпе-жегі литвалықтың жеңісімен аяқталған. 

Ал 6 қазан Лас-Вегаста Конор МакГрегор ресейлік чемпион Хабиб Нурмагомедовпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекке жеңіл салмақтағы UFC чемпионының белбеуі тігілген. 

Жарнама

Живи спортом!