МакГрегор үшін Хабибтен таяқ жеген спортшы Конорды сотқа берді
Ресейлік-ирландиялық файтер Артем Лобов UFC ұйымының жұлдызы Конор МакГрегорды сотқа берді. Лобовтың сөзінше, Proper No. Twelve. виски маркасын Артемнің өзі ойлап тапқан.
Ресейлік-ирландиялық файтер Артем Лобов UFC ұйымының жұлдызы Конор МакГрегорды сотқа берді. Лобовтың сөзінше, Proper No. Twelve. виски маркасын Артемнің өзі ойлап тапқан.
Лобов енді МакГрегордан бақылау акциясының сатылымынан 5 пайызын талап етіп отыр.
Еске салайық, 2021 жылы сәуірде Конор виски брендін Proximo Spirits компаниясына 600 миллион долларға сатқан.
Лобов кәсіпқой боксшы Денис Беринчикпен жалаң жұдырық айқастан кейін карьерасын аяқтаған.
Бір қызығы МакГрегордың командасында болған Лобов 2018 жылы Хабиб Нурмагомедовпен жанжалдасып қалған болатын. Хабибтің Лобовты шабалақпен тартып жіберген видеоның қаралымы 2 миллионнан асқан.
Жарнама