Макгрегор мен Порье UFC-ден тыс жұдырықтаспақ болған
UFC ұйымы Конор Макгрегор мен Дастин Порье арасында жекпе-жек өтетінін растады. Бұл туралы промоушеннің Instagram-парақшасында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
UFC ұйымы Конор Макгрегор мен Дастин Порье арасында жекпе-жек өтетінін растады. Бұл туралы промоушеннің Instagram-парақшасында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кездесу 2021 жылы 23 қаңтарда БАӘ-дегі "Жекпе-жек аралында" өтеді. Бұл айқас UFC 257 турнирінің басты кездесуі болады. Бұған дейін екі спортшының жекпе-жек бойынша келісімшарт жасасқаны хабарланған болатын.
Басында Макгрегор мен Порье кездесуі UFC-ден тыс өтпек болған екен. Файтерлер қайырымдылық кеші аясында кездесу туралы келіскен, бірақ, кейін бұл жағдайға промоушен араласқан екен.
Айта кетейік, Макгрегор мен Порье бұған дейін 2014 жылы UFC аясында жұдырықтасқан шыққан. Ол кезде ирландиялық файтер бірінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен.
Жарнама