MMA
2 қараша 2020 17:21
 
МакГрегор карьерасындағы қарсыластары ішінде ең мықтысы кім болғанын айтты

  Пікірлер

blog.share

МакГрегор карьерасындағы қарсыластары ішінде ең мықтысы кім болғанын айтты Конор МакГрегор. Сурет: spartonus.com©

Екі салмақ бойынша UFC ұйымының бұрынғы чемпионы 32 жастағы ирландиялық спортшы әлеуметтік желілердегі жанкүйерлерінің біріне жауап беру кезінде карьерасындағы ең мықты қарсылас кім болғанын айтты,- деп хабарлайды "Чемпионат"

"Карьераңда ең мықты қарсылас болған кім?", - деп жанкүйер твиттер парақшасында ирландиялық спортшыға сұрақ қойды. 

Бұл сұраққа Конор "Нейт Диас. Батыс жағалауының зомбиі", - деп жауап берді. 

Айта кетейік, МакГрегор мен Диас екі рет кездескен. 2016 жылдың наурыз айында UFC 196 турнирінде Нейт нокаутпен жеңіске жетті. Бұл Конордың карьерасындағы UFC-де болған бірінші жеңілісі еді. Ол кездесуде Конор бірінші рет жартылай орта салмақта айқасты. Сол жылы тамызда олар тағы да кездесіп, МакГрегор төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. 

Ал жуырда ол жеңіл салмаққа қайта оралатынын хабарлады. Негізі маусым айында 32 жастағы карьерасын аяқтағанын айтты. Бірақ кейін қыркүйек айында бокс ережесі бойынша Мэнни Пакьяомен кездесетінін, содан соң UFC спортшысы Дастин Порьемен екінші рет кездесетінін мәлімдеді. 

Жарнама

Живи спортом!