Единоборства
11 маусым 2019 11:21

МакГрегор және "Канелоның" промоутері Джастин Бибер мен Том Круздың жекпе-жегін ұйымдастырып бермек

Сол жақтан - Уолберг, Бибер, Круз және МакГрегор. Коллаж: nine.com
25 жастағы канадалық әнші Джастин Бибер 56 жастағы америкалық актер Том Крузды жекпе-жекке шақырды. Ол бұл кездесуді UFC басшысы Дана Уайтқа ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады, - деп хабарлайды LA TImes.


"Том Крузда октагонға шақырамын. Том, егер мұны қабыл алмасаң, қорыққаның көрініп, мұның масқарасынан ешқашан арыла алмайсың. Жекпе-жекке кім дайын?" - деп жазыпты Бибер "Твиттерде".




Golden Boy басшысы Оскар Де Ла Хойя бұл жекпе-жекті ұйымдастыруға бірден келсті, ол былтырдан бері бокстан бөлек ММА-да жұмыс істей бастаған еді. 

UFC ұйымынң бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор де бұл жекпе-жекті ұйымдастырғысы келетінін айтты.

"Том Круз мұны қабылдай алатындай еркек болса, McGregor Sports and Entertainment бәрін ұйымдастырады. Круз кинодағыдай төбелесуіне батылы жетер ме екен?" - деп жазыпты МакГрепгор.




Сонымен бірге, МакГрегор өзге Голливуд актері - боксты сүйетін Марк Уолбергке андеркардта жұдырықтасуды ұсынды.

"Сол кардта жұдырықтасуға шақырамын. Марк әлі Марки Марк боп тұрғанда-ақ менің оның құлағын жұлып, UFC-дегі акцияларымды алып кетер едім", - деп жазған ирландиялық.




Әзірге Бибердің неге Крузды жекпе-жекке шақырғаны нақтыланбады, ал актердің өзі әлі бұған жауап берген жоқ.