MMA
13 қаңтар 2020 13:26
 
Қытай файтер қазақстандықты бауырынан теуіп нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Қытай файтер қазақстандықты бауырынан теуіп нокаутқа түсірді Айдын Көдеков - Шуо Ванг. Сурет: Rebel FC

Қазақстандық файтер Айдын Көдеков қытайлық Шуо Вангтан нокаутпен жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz

11 қаңтарда өткен аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек Мәскеуде сингапурлық Rebel FC промоушенінің турнирінде болды. Екінші раундта Ванг қазақстандықтың бауырынан тепкен - Көдеков жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Осылайша, 25 жастағы Вангтың еншісінде 11 жеңіс пен үш жеңіліс бар. Ал шетелде алғаш рет жекпе-жек өткізген Көдеков карьерасында екінші рет жеңіліп отыр, одан бөлек, спортшы алты рет жеңіске жеткен. 

Айта кетсек, Rebel FC промоушені 2013 жылы құрылған, ал Мәскеудегі турнир компанияның Еуропадағы алғашқы жарысы болды. Турнирлердің көбі Қытайда өтеді.

Жарнама

Живи спортом!