"Қымызға шақырамын...". Қарсыласын бір соққымен құлатқан қазақ файтер
Қазақстандық файтер Қазыбек Сағын Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында армениялық Варшав Геворгянды нокаутпен жеңгеннен кейін қарсыласқа сыйластығы туралы айтып берді.
Қазақстандық файтер Қазыбек Сағын Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында армениялық Варшав Геворгянды нокаутпен жеңгеннен кейін қарсыласқа сыйластығы туралы айтып берді.
Бұл жекпе-жек бірінші раундта Қазыбектің дәл тиген бір соққысынан кейін аяқталған еді.
"Мерейтойлық турнирде шығып, осындай әдемі нокаутпен жеңгеніме қуаныштымын. Жақсылап дайындалып, жекпе-жекке жоспарды толық ұстандым. Турнир нокауты дейсіз бе? Білмеймін, шешетін мен емес. Мен тек өз ісімді жасадым.
Ал алда жоспар көп. Промоушендегі ең мықты файтер болғым келеді.
Қарсыласымды қымыз ішуге шақырамын. Көзарбасуда ол маған армян коньягын сыйлады. Мен ішпеймін, бірақ, сый беріп, құрметтегіне риза болдым", - дейді Қазыбек.
Жарнама