Единоборства
16 шілде 2021 18:52

"Күшік болған". Тони Фергюсон Хабибті сөзбен-ақ жеңгенін айтады

Сурет: Harcord.com

Жеңіл салмақта UFC ұйымының уақытша чемпионы болған америкалық Тони Фергюсон ұйымның ресейлік жұлдызы Хабиб Нурмагомедовпен текетіресін есіне алды. 

"Өткенге шолу. Тирамису жақсы көретін семіз Хабиб күшік болған кезі есімде. Сол кезде оны сөзбен түйреп, үнін өшірген жалғыз мен ғана. Сондықтан 29-1", - деп жазыпты Фергюсон. 

Еске салайық, Хабиб пен Фергюсон бес рет жекпе-жекке шығуы керек болған, алайда, бес ретінде де өтпеді.