Единоборства
24 желтоқсан 2021 13:28

"Құрып кетсінші". Рахмоновтың қарсыласы допингпен ұсталғаннан кейін UFC ұйымын сынап тастады

©UFC

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (14-0) соңғы қарсыласы Мишел Празерес (26-4) тағы допингпен ұсталып, басы дауға қалды, деп жазады Vesti.kz тілші. 

Рахмонов пен Празерес арасындағы кездесу маусым айында болды. Бұл кездесуде қазақстандық спортшы екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіске жетті. Осылайша, бразилиялық карьерасында 21 мәрте жеңілістің кермек дәмін татты. 

Сол айқастан кейін Празерес жекпе-жек өткізбеді. Ал өткен айда UFC ұйымынан келісімшартты бұзу туралы өтініш білдірген. Осыған қарағанда бразилиялық карьерасын толық аяқтаған секілді. Бірақ USADA (Америкалық антидопинг агенттігі) спортшының барлық анализдерін тексеріп, арада жарты жыл өткеннен кейін оның қанынан рұқсат етілмеген дәрумен тапты. Енді ол төрт жылға спорттан шеттетілуі мүмкін. 

Дегенменде Празерес бұл айыптары мойындап отырған жоқ. MMA Fightning порталына берген сұқбатында ол карьерасын аяқтау туралы шешімді өзгерткенін мәлімдеді. Енді ол USADA және басқа да антидопинг агенттерімен жұмыс істемейтін ұйымда өнер көрсеткісі келетінін айтты. 

Мишелдің айтуынша, ол желтоқсан айында тағы бір ардагер спортшы Клей Гуидамен кездесуі керек болған. Бірақ спортшыдан допинг табылғаннан кейін, оны жекпе-жектен алып тастаған. Содан кейін ғана бразилиялық UFC ұйымынан келісімшартты бұзуға ниет білдірген. 

Спортшы мен оның жұбайы сәбилі болғысы келген. Сол үшін де Празерес бедеуліктің алдын алып, ұрпақсыз қалмау үшін медициналық дәрілерді қолданған. 2018 жылы спортшының әйелі баласын түсіріп алған. Ал өткен жылы бұл жұп ұлды болған. Қазіргі уақытта Мишелдің жұбайы жүкті. 

"Бұл стероид емес, тек дәрі. Олар мені, менің әйелімді және дәрігерімді тергеді. Сосын менің тексерістен өткен және дәрігерге жазылған қағаздарымды алды. Құрып кетсінші", - деді Празерес. 

Сараптаманың қорытындысы бойынша, Мишелдің қанынан стериодқа жататын оксандролон дәрумені де табылған. Бразилиялық бұл препаратты осыдан тоғыз жыл бұрын қолданғанын мойындады. 

"Мен UFC ұйымында жақсы ақша жасап алдым. Енді демалайыншы. Енді USADA мен UFC кесірінен сәбилі болмау керекпін бе? Кетсінші ары. Мен үшін отбасым бірінші орында. ММА аяқталады, алайда отбасы мәңгілік", - деді ол. 

Сонымен қатар, Празерес ақпан айынан кейін карьерасын ары қарай жалғастыратынын айтты. Ол өз отаны Бразилияда ешқандай кедергісіз айқасатынын мәлімдеді. Себебі, ол жақтағы ұйымдардың көбі антидопинг агенттіктерімен жұмыс істемейді. 

Айта кетейік, 2020 жылдың басында ардагер спортшы рұқсат етілмеген дәрумен үшін шеттетілген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport