"Күреспей, оң қолмен ұрмай-ақ". Қуат Хамитов өзін жұдырықтасуға шақырған NFC чемпионына жауап берді
Қуат "Найман" Хамитов (20-7-1) Фаниль Рафиковпен (19-4) жекпе-жекке келісті,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Қуат "Найман" Хамитов (20-7-1) Фаниль Рафиковпен (19-4) жекпе-жекке келісті,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматыда өткен NFC 28 турнирінің басты айқасында Рафиков жергілікті Серікбай Ходжабаевты (9-4) жеңіп, ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы атанды. Осыдан кейін ол Хамитовты жекпе-жекке шақырды. Хамитов бұған Іnstagram желісінде жауап берді.
"Мені айқасқа шақырғанын естігенде, ол жігіттің жекпе-жегін көрейін деп қатты таңқалдым, ол анандай нокауттан кейін қалай тірі қалған! Ал енді әлі жаны бар және жекпе-жек қаласа, ұйымдастырушыларға айтарым, бұл менің карьерамдағы ең жеңіл кездесу. Жеңілдік жасауға да дайынмын, онымен күреспеймін, тіпті оң қолыммен мүлде ұрмауға уәде беремін! Қысқасы, бұл жекпе-жек мен үшін ештеңе емес, алайда, олар мені қызықтыра алса, онда неге болмасқа", - дейді Хамитов.
Жарнама