Қуат Хамитовтың Олимпиадада белдескен дағыстандықпен жекпе-жегіне трансляция

Бүгін, 19 мамыр Алматыда Hardcore Fighting Championsip (HFC) лигасының турнирі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін, 19 мамыр Алматыда Hardcore Fighting Championsip (HFC) лигасының турнирі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Almaty Arena-да өтетін жекпе-жек кешінде Мұратбек Қасымбай (11-4) жәнет Қуат "Найман" Хамитов (23-8-1) сияқты белгілі файтерлер және тағы үш қазақстандық жұдырықтасады.
27 жастағы Мұратбектің қарсыласы әзірбайжандық Аловсет Мамиев (1-0), ол атын негізінен Поп-ММА-де шығарған.
Ал Хамитов ресейлік Залимхан Юсуповпен (19-13) айқасады. 35 жастағы Қуат үшін бұл биылдыққа екінші жекпе-жек, бұған дейін наурызда өткен Mergen FC турнирінде ол қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген еді. Юсупов еркін күреспен айналысып, 2012 жылы Тәжікстан құрамасымен Олимпиадада белдескенін айта кетейік.
Турнир 19:00-де басталады. Трансляция Вконтакте желісінде қолжетімді.
Жарнама