Единоборства
13 қараша 2017 10:28
 
Қуат Хамитовтың қатысуымен өтетін жекпе-жек кешінде өнер көрсететін барлық спотшылар белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Алматы қаласында қазақстандық жаңа промоушен AFC мен ресейлік Fight Nights промоутерлік компаниясы ұйымдастырғалы жатқан ММА QAZAQ 70 турнирінде өнер көрсететін жекпе-же кешінде өнер көрсететін барлық спортшылардың есімдері белгілі болды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

QAZAQ 70 турнирі барысында 70 келідегі еліміздегі ең мықты спортшылар сегізбұрышқа шығады. Ал жеңімпаз 10 000 АҚШ долларын алады.

QAZAQ 70 турниріне қатысатын спортшылардың тізімі:

Артем Резников - Мырза Еркенбеков.
Тұтқа Нұржан - Еркін Талғатұлы.
Азамат Бахытов - Мұрат Бахторазов .
Нұржан Әкішев - Беймұрат Ниязов.
Медет Базарбеков - Олжас Есқараев.
Мұратбек Қасымбай - Жолдабай Нұржан.
Алтынбек Бақытгелдиевтің қарсыласы жарақатына байланысты турнирден шығып қалды. Енді оның орнына басқа спортшы шығады. 

Бұл жекпе-жек кешінің басты кездесуінде қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов пен ирландиялық Питер Куилли арасындағы жекпе-жек болмақ. Сонымен қатар Fight Nights ұйымының чемпионы Георгий Кичигин мен чемпиондық атаққа үміткер Магомед Нуров кездеседі. Тағы бір кездесуде Жалғас Жұмағұлов пен Шаджа Хэка өнер көрсетеді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнирдің басты мақсаты қазақстандағы осы салмақтағы үздік спортшыны анықтау. Мықты деп танылған спортшы алдағы уақытта дүбірлі додаларда ел намысын қорғайтын болады. Сонымен қатар алдағы уақытта еліміздегі басқа салмақтағы спортшылар арасындағы мықтылар да анықталады. 

Айта кетейік, турнир 26 қараша күні "Алматы - Арена" спорт кешенінде Астана уақытымен 18:00-де басталады. 

Жарнама

Живи спортом!