Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов армениялық Арман Царукянның (22-3) Лас-Вегаста өткен UFC 300 турниріндегі жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.
Хамитов Царукянның Instagram желісіндегі постына коммент жазды.
"Құттықтаймын бауырым! Бір жақты болды", - деп жазыпты Қуат.
Ісін Саят Әбдірахманов жүргізетін Царукян жеңіл салмақта бұрынғы чемпион бразилиялық Чарльз Оливейраны (34-10) төрешілер шешімім бойынша жеңді.