Единоборства
14 қыркүйек 2020 21:33
 
Қуат Хамитов полицияға жеткізілді. Спортшы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Қуат Хамитов полицияға жеткізілді. Спортшы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов видеосы үшін полицияға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында азамат Қ.Хамитовтың зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 272-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Азамат Қ.Хамитов тиісті іс жүргізу әрекеттері үшін Алматы қаласының полиция департаментіне жеткізілді. Қылмыстық іс бойынша тергеу іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Іс-әрекеттер аз.Хамитовқа түбегейлі баға беріледі", - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, билік өкілдерінің заңды талаптарына және жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді бағынбауға шақыру, не жаппай тәртіпсіздіктерге арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айта кетейік, Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде Қуат Хамитовтың билік өкілдерінің талабына мойынсынбауға шақырған видеосы таралған еді.

Жарнама

Живи спортом!