Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат "Найман" Хамитов (25-7-2) ММА туралы жазатын ресейлік журналист Игорь Лазоринге берген сұхбатында Bellator лигасының экс чемпионы Александр Шлеменкомен (65-15) болатын жекпе-жегі туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл айқас Top Fight лигасының ұйымдастыруымен 29 қыркүйек Мәскеуде өтеді.
- Шлеменкомен жекпе-жегің өте ме?
- Көбі болмайды дейді, жанкүйерлердің сөзінше, бұл ұйым уәдесінде тұрмайды. Мен келісімшартқа қол қояр алдында шарт қойдым - гонорарымның 10 пайызын алдын ала бересіңдер, сол кезде дайындала бастаймын дедім. Кеше жіберу керек болған, бірақ тағы бір-екі күн сұрады. Сондықтан күтіп отырмыз. Миллион рубль түскенде қозғала бастаймыз.
- Жаман емес... Онға көбейтеміз, сонда толық гонорарың шығады. Шынымен солай ма әлде әзілдеп тұрсың ба?
- Сол шама, иә. Бұл үлкен айқас, аңыз бен аңыздың. Сондықтан лайықты гонорар.
- Он миллион рубль (47 миллион теңге)?
- Кішкене көбірек.