Единоборства
16 наурыз 2018 14:55
 
Қуат Хамитов Хабиб-Фергюсен жекпе-жегінің фаворитін атады

  Пікірлер

blog.share

Қуат Хамитов Хабиб-Фергюсен жекпе-жегінің фаворитін атады

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат «Найман» Хамитов дағыстандық Хабиб Нурмагомедов (25-0) пен Тони Фергюсен (26-23-3) арасындағы кімнің жеңіске жететіні жайлы ойымен Qsport.kz порталының тілшісімен бөлісті. 

«Найман» 7 сәуір күні UFC 223 турнирінде жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты сарапқа салатын Тони мен Хабиб арасындағы жекпе-жекте кімнің фаворит екенін айтты. Ол өз сөзінде: «Бұл жекпе-жекте 70 келі салмақтағы әлемнің ең үздік спортшылары өзара мықтыны анықтайтын болады. Фергюсен осы салмақтағы UFC-дің уақытша чемпионы, соңғы 9 жекпе-жегінде небір мықтыларды тұқыртты. Ал Нурмагомедов жеңілістің не екенін білмейтін спортшы. Сондықтан бұл кездесу тартысқа толы, қызықты болады. Дегенмен Тони партерде де, тік тұрып та мықты жұдырықтасады. Оның қол-аяғы ұзын және спорттық мансабында 5 раундттық кездесуге әлеуеті толық жететінін талай көрсеткен. Америкалықтың осы тұста басымдылығы көп. Хабиб болса, тек 3 раундтық жекпе-жектер ғана өткізді. 5 раундтық жекпе-жекке функционалдық тұрғыдан қаншалықты дайын екенін білмейміз. Егерде Хабиб салмақ өлшеу рәсімінен ойдағыдай өтіп, жекпе-жекке жақсы көңіл күймен шықса, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетеді деп ойлаймын», – деді Қуат.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсен арасындағы кездесу 7 сәуір күні, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтеді. Спортшылар UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионын анықтайтын болады.

Жарнама

Живи спортом!