MMA
27 сәуір 2019 10:39
 

Қуат Хамитов Fight Nights Global белбеуі үшін таласта есе жіберді

  Пікірлер

blog.share

Қуат Хамитов Fight Nights Global белбеуі үшін таласта есе жіберді Қуат Хамитов. © Fight Nights Global

Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов жеңіл салмақта Fight Nights Global ресейлік промоушеннің вакант белебеуіне таласта әзірбайжандық Нариман Аббасовтан жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов жеңіл салмақта Fight Nights Global ресейлік промоушеннің вакант белебеуіне таласта әзірбайжандық Нариман Аббасовтан жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Мәскеу маңындағы Мытищаде FNG 93 турнирі аясында өтті және барлық бес раунд бойы спортшылар  бір-бірімен алысты. Алайда Аббасов төрешілердің көпшілігінің шешімімен жеңіске жетті - 48-47, 47-47 және 48-47. Хамитовтың салмағы ауыр болғандықтан ол октагонға шықпай жатып ұпайдан айырылған еді. 

Айқастан кейін Хамитов төрешілер шешімімен келіспеді және нәтижені апелляцияға беретінін айтты. 

"Мен ұпай санымен жеңіске жеттім деп ойладым, бірақ төрешілер әрдайым бәрін басқаша көреді. Оның бір жерде басымдылыққа ие болғанын көрмедім. Негізінен барлық раундтар тең болды, бірақ екі раундты мен айқын жеңгеніме сенімдімін. Төрешілер шешімді қайта қарауы керек. Бұл анық тең ойын деп айтуға шаршадым.

Маған ең болмағанда бес раундтың біреуін жеңгенін көрсетіңіздерші. Мен бірінші және үшінші раундтарды алдым, қалғандары - тең ойын. Мүмкін, екінші нөмірде жұмыс істеген кезде ғана. Біз апелляцияға береміз, олар қайта қарауы керек", - деді Хамитов.

Сондай-ақ, ол бүкіл Қазақстанға сәлем жолдады және қолынан келгеннің барлығын істегенін айтты.

"Реванш болуы керек, бірақ төрешілер жақсылап көруі керек - осылай да чемпион болады екен-ау... Менің бетіме қараңыз-тіпті бір сызат жоқ! Бірде-бір раундта ұтпай, қалай чемпион болуға болады?! Оның бір раундты алғанын көрсетіңіздер. Бірінші раунд - 10-8 менің пайдама, қалғандары-10-9 болды.

Егер маған бергісі келмесе, тең нәтиже бере алар еді. Біз реванш ұйымдастыратын едік. Титулды осылай алу абырой бермейді. Чемпион атану үшін қандай болу керек? Ең болмағанда менің бетіме бір сызат түсуі керек еді ғой. Ал біреуге белбеуді таға салғанына мен келіспеймін", - деді Хамитов октагонда.

Хамитов 17 айдан кейін бірінші рет октагонға шықты. Аббасовқа қарсы жекпе-жекке дейін ол 2017 жылдың қараша айында төбелесті.

Sherdog статистикасы бойынша, енді 31 жастағы Хамитовтың 19 жеңіс пен бір тең ойынмен жеті жеңілісі бар. Бұл оның FNG белдігін жеңіп алуға екінші талпынысы болды - 2017 жылы сәуірде қазақстандық төрешілердің көпшілігінің шешімімен ресейлік Магомедсайгид Әлібековтен (10-1) жеңілген еді. 

25 жастағы Аббасов FNG чемпионы Әлібековпен кездесті. Ол 2016 жылдың желтоқсан айында ресейліктен ұтылып, Хамитовпен жекпе-жекке дейін сегіз кездесуде жеңіске жетті. 23 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. 

Ал, Әлібеков Хамитовты жеңгеннен кейін келесі жекпе-жекте FNG атағынан айырылды. Тағы бір ресейлік спортшы Ахмед Алиев (17-4) 2018 жылы ақпанда оны нокаутқа түсірді. Көп ұзамай, чемпиондық белбеуді ешқашан қорғамаған Алиев америкалық PFL промоушеніне көшіп, белдікті босатты.

Жарнама

Живи спортом!