Қазақстандық белгілі файтер Қуат Хамитов Лас-Вегаста өткен UFC 285 турниріндегі Джон Джонстың жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Джонс бірінші раундта франциялық Сирил Ганды жеңіп, ауыр салмақта UFC чемпионы атанды.
"Бұл жігіт тірі кезде одан ешкім асып түсе алмайды! P4P тізімдегі ең мықты", - деп жазыпты Хамитов әлеуметтік желіде.
Еске салайық, дәл осы турнирде қазақстандық Шавкат Рахмонов амеркиалық Джефф Нилді жеңген болатын.