Қуат Хамитов 12 нокауты бар файтермен жекпе-жекке шыға алмайтын болды

Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитовтың (sherdog.com - 21-8-1) Украина атынан өнер көрсететін Зака Фатуллазадеге (19-12) қарсы айқасы өтпейтін болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитовтың (sherdog.com - 21-8-1) Украина атынан өнер көрсететін Зака Фатуллазадеге (19-12) қарсы айқасы өтпейтін болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жекпе-жек 10 қыркүйек Атырауда өтетін Mergen Fighting Championship лигасының турниріне жоспарланған еді.
Осыған байланысты Хамитовтың қарсыласы жағдайды өзі түсіндірді.
"Құрметті жанкүйерлер! Қуат Хамитовпен жекпе-жек визамен қиындықтарға байланысты өтпейтіндіктен кешірім сұраймын. Бірақ Mergen FC бұл жекпе-жекті келесі турнирлерінде ұйымдастырып береді деп үміттенемін. Менің білуімше, келесі ивент қараша-желтоқсанға жоспарланып отыр. Мен Қуат Хамитовпен айқасуға дайынмын", - дейді Фатуллазаде.
Жарнама