Шара Буллет лақап атымен танымал дағыстандық файтер Шарабутдин Магомедов (15-0) британиялық Майкл Пейджбен (22-3) жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихаты кезінде атақты футболшы Криштиану Роналдумен кездесуі туралы айтып берді, деп жазады Sport24.
Магомедов "Әл-Наср" футбол командасының жаттығуына болыпты, міне сол жерде португалиялық шабулшымен ұзақ әңгімелескен екен.
Еске салайық, Магомедов пен Пейдж арасындағы жекпе-жек 1 ақпан Эр-Риядта өтетін UFC Fight Night 250 турнирінде болады.
- Таңғысын мені "Әл-Наср" клубының жаттығуына шақырды. Клуб президенті менің тегім жазылған футболканы табыс етті. Криштиану Роналдумен кездестім, барлық футболшылармен сөйлестім. Криштианумен ұзақ әңгімелестік, ол футболкасын сыйға тартып, оған қолын қойып берді.
Ол менің 1 ақпандағы жекпе-жегіме келіп, маған жанкүйер болады. Ол менде UFC чемпионы болуға барлық мүмкіндіктің барын айтты. Ол UFC-ді көп тамашалйды екен, менің айқастарымды көріпті. Оған менің жұдырықастқаным ұнайды.