MMA
1 қыркүйек 2020 12:14

Көзі алайып кетті. 44 жастағы файтер қарсыласын бір соққымен сұлатты

Видеодан алынған кадр
Ростове-на-Дону қаласында өткен Fight Nights Global турниріндегі ардагерлер арасындағы жекпе-жектердің бірінде өте жылдам нокаут тіркелді, - деп хабарлайды Еurosport.

Октогонға шыққан 44 жастағы Юрий Киселев пен 52 жастағы Тимур Магдиев бар болғаны 14 секунд жұдырықтасты. Киселевтің соққысы ауыр болғаны сонша, Магдиевтің көзі алайып кеткенін байқауға болады. 

Осылайша, Киселев карьерасында алтыншы жеңісіне жетті, ал Магдиев үшінші рет жеңілді.