Единоборства
19 ақпан 2019 09:43
 

Қоян-қолтық ұрыс чемпионы көше төбелесінде қаза тапты

  Пікірлер

blog.share

Қоян-қолтық ұрыс чемпионы көше төбелесінде қаза тапты © vk.com/gena.pavlov

Мәскеу орталығында төбелес салдарынан 22 жастағы қоян-қолтық ұрыстан Ресей чемпионы Геннадий Павлов қайтыс болды, - деп хабарлайды "Московский комсомолец".

blog.share

Мәскеу орталығында төбелес салдарынан 22 жастағы қоян-қолтық ұрыстан Ресей чемпионы Геннадий Павлов қайтыс болды, - деп хабарлайды "Московский комсомолец".

17 ақпанда таңғы уақытта спорт шебері Тверь көшесіндегі Орталық телеграф ғимаратында 51 жастағы күзетшімен ерегесіп қалған. 

Ер адам жігіттен құжаттарын көрсетіп, не себепті келгенін сұраған. Ерегескен екеуі төбелесее кеткен. Бірнеше минуттан соң, екеуі де асфальттің үстінде құлайды да, күзетші қарсыласының тыныс алмай жатқанын байқайды. Күзетші болған жағдайды басшылыққа айтып, өзі медициналық көмек көрсетпекші болған екен. 

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер спортшының көз жұмғанын тіркеді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары спортшының күзетілетін аймақта не істеп жүргенін анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ол түнгі клубтан келе жатып, адасып кеткен. Сот медициналық сараптама оның неден қайтыс болғанын анықтайтын болады. Дәрігерлер спортшының кісі қолынан қаза болмауы мүмкін деген пікірді де жоққа шығармайды. Негізгі себептердің бірі - жүректен болуы мүмкін. 

Бейнебақылау камералары төбелесті видеоға түсіріп алған.





© vk.com

Геннадий Павлов - Орлов облысындағы Ливны қаласының тумасы. 2016 жылы спортшы жастар арасында Ресей біріншілігінде әмбебап жекпе-жек бойынша 90 келіге дейін қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанған еді. 

Жарнама

Живи спортом!