Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов жоғары білім алып, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеуді жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Хабиб 24 қазанда америкалық Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін карьерасын аяқтағанын мәлімдеген. Ресейлік файтер ММА-де 29 рет жеңіске жетіп, карьерасын жеңіліссіз аяқтады.
"Мен Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінде оқып жатырмын, келесі жылы бітіремін. Магистратура бітіріп, білімге уақыт бөлгім келеді. Ауыл шаруашылығында жұмыс істегім келеді, қой, өгіз, бұзаулар алдым. Осы бағытта жұмыс істегім келеді. Әлемдік деңгейде емес әрине. Бірақ бәрі мүмкін. Кезінде спортпен де тек жаттыға бастадым ғой. Мен пайдамды тигізе алатын дүниеге қатысты болғым келеді, бұл үлкен саясат болуы міндетті емес. Қазіргі таңда үлкен саясаткер болмай-ақ пайдамды тигізе аламын, бұл маған жеткілікті", - деді спортшы бейсенбіде Дербент жастарымен кездесуінде.