Дәл осы кеште бразилиялық Аманда Нуньеш (20-4) пен австралиялық Меган Андерсон (11-4) арасындағы айқас өтеді.
Айта кетейік, Усман мен Бернс 11 шілде күні Абу-Даби қаласында өткен UFC 251 турнирінде кездесуі керек еді. Бірақ ол кезде бразилиялық спортшының коронавирус жұқтырып алғаны анықталды. Сөйтіп оның орнына Усманға қарсы Хорхе Масвидаль шығып, жеңіліп қалды.
Қазіргі уақытта Усман 16 кездесуде жеңілмей келе жатыр. 12 кездесуін ол UFC ұйымында өткізген. Ал Бернс болса қатарынан 6 мәрте жеңіске жетті. Соңғы кездесуін ол ұйымның экс-чемпионы Тайрон Вудлиге қарсы өткізіп, жеңіске жетті.
UFC 256 нақты қайда өтетіні әлі белгісіз.