Единоборства
4 шілде 2020 14:56

"Коронавирус жұқтырып алды". UFC 251 турнирінің басты жекпе-жегі өтпейтін болды

Гилберт Бернс. Сурет: fightnews.info©
Бразилиялық спортшы Гилберт Бернс коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы MMAjunkie. басылымына сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметі бойынша, бразилиялық спортшыдан COVID-19 шығыпты, Бернс UFC 251 турнирінің басты кездесуінде Усман Камаруға қарсы чемпиондық белбеуге таласуы керек болатын. 

Бұл жағдайдан кейін Бернс турнирден шығып. Ал Камаруға қарсы кездесу кейінге шегерілетін шығар. 

11 шілде күні Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" өтетін турнирде бұдан басқа да қызықты кездесулер болады. Тарқатып айтса, автралиялық Алек Волкановскимен америкалық Макс Холлоуэй арасындағы екінші кездесу өтеді. Олардың арасындағы бірінші кездесуде Волкановски жеңіп, чемпиондық белбеуді тартып алған еді. 

Сондай-ақ ресейлік Петр Ян мен бразилиялық Жозе Альдо айқасады. Олар жеңіл салмақта әлем чемпионы белбеуін сарапқа салады.